«Анаға қарап қыз өсер» атты сайыс болып өтті

22 қараша 2024 жыл №40 «Құлпынай» балабақшасында біртұтас тәрбие бағдарламасы бойынша «Аналар мектебінің» ұйымдастырылуымен «Анаға қарап қыз өсер» атты сайыс болып өтті. Әрбір ана мен қыз сайысқа тыңғылықты дайындалып, өз өнерлерін ортаға салды. Қыз тәрбиесінде ананың рөлі маңызды екенін, отбасының, қоғам тәрбиесі аналарға байланысты  екенін ерекше мән берген халқымыз қыздың көркіне ақыл ойы мен мінез-құлқынын сай болуын қадағалаған. Бүгінгі сайысқа қатысқан аналарымыз қыздарына қазақы тәрбиені бойларына сіңіре білді. Сайсымыздың қызықты өтуіне атсалысқан аналарға алғысымыз шексіз!

  • 01
  • 02
  • 03
  • 04
  • 05
  • 06